Жаңалықтар

“JIGER” студенттік ғылыми-зияткерлік клубының отырысы өтті

«JIGER» студенттік ғылыми-зияткерлік клубының отырысы онлайн форматта өтті. Оған Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов қатысты.

Онлан отырысқа  Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, «Bolashaq» Академиясы және Қарағанды медицина университетінің студенттері мен ғылыми қызметкерлері қатысты.  

Отырыс барысында IT технологиялар және робототехника бағыты бойынша Айгүл Аманбекова, әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы клубтың жұмысы туралы Ақерке Бабырбек, ғылыми-техникалық бағыттағы клубтың жұмысы туралы  Қайырбек Салауат баяндама жасады. Онда аталмыш бағыттардың осы күнге дейін атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы айтылды. 

Басқа материалдар

Back to top button