Жаңалықтар

Тағылымға толы дәріс

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Адалдық сағатын» жаңа форматта өткізді. Яғни, шара қазақстандық жастарға табысты жас көшбасшы Ренат БЕКТҰРОВТЫ танытуымен ерекшеленді.

Ренат Бектұров 1984 жылы 13 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. Astana International Exchange Басқарма мүшесі. Қаржылық қызмет көрсету саласында он жылдан аса жұмыс тәжірибесі бар. ТМД аймағындағы сукук (Ислам бағалы қағаздары) алғашқы шығарылымы сияқты борыштық капитал нарығындағы бірқатар маңызды мәмілелерге қатысқан.

Ренат Лестер университетін үздік бітіріп, банк ісі және қаржы саласында магистр дәрежесін иеленген. Сондай-ақ, сертификатталған қаржы сарапшысы дәрежесіне ие (CFA Charter Holder).

Президенттік жастар кадр резервінде І орынға ие болды.

Ренат өз сөзінде ұлы Абайдың тағылымын алға тартты. «Парасаттылық деген талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым сияқты адами қасиеттердің жиынтығы», – дейді жас көшбасшы. Жастарды табанды еңбек етуге, тұлғалық дамуға және патриот болуға шақырды. Оның пікірінше, жетістіктің құпиясы – сәттілікте, бірақ негізгі құрамдас бөлігі – еңбек.

Ол өзінің жеке өмірі мен мансабында жетістікке жетуге мүмкіндік берген әділдік пен адалдық сияқты өмірлік құндылықтарымен бөлісті.

Бәрімізге белгілі, «Адалдық сағаты» акциясының негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік, инабаттылық және сенім сияқты ең маңызды адамгершілік құндылықтарды дарыту.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button