Сайлауда дауыс беру – келешекке сенім айғағы

Жаңаарқа ауданы аумағындағы сайлаушылардың  қоғамдық-саяси ұстаным ұлағаты мен белсенділігі дауыс беру үдерісі басталған сәттен бастап-ақ айқын аңғарылды. Бұл, әрине, жергілікті тұрғындардың елдің ертеңгі тағдырына немқұрайды қарамайтындығының айғағы.  

Айталық, сайлаушы Орақбай Үмбетжанұлы күні бүгінге дейін бірде-бір сайлаудан қалыс қалмағанын айтады. «Әр сайлау сайын ерікті түрде өз таңдауымды жасап келе жатырмын. Оның астарында болашаққа үлкен үмітпен қарау мен сол пейілдің шынайы іске асатынына сенім жатқаны айтпаса да түсінікті. Біздің жасымыз ұлғайып келеді. Мәселен, мен бүгін Қазақ елінің көркеюі мен өркендеуі, жас буынның кемел келешегі, бұдан тысқары, ұрпақ сабақтастығы дәстүрін сақтау үшін дауыс бердім деген ойдамын. Қазақстандықтар бұл саяси науқанда белсенді ұстанымда болуы тиіс. Жұртымыз аман, заманымыз тыныш болсын!», — дейді ол.  

Өз тілшімізден.

ЖАҢААРҚА ауданы.