АймақҚарқаралы

«Баланың біріне бер…»

Мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларға көрсетіліп отырған әлеуметтік жәрдемақы, қайтарымсыз гранттар мен карантин уақытындағы төлемдер біршама көмек болды. Баспанаға зәру отбасыларды да тұрғын үймен қамтамасыз етуге баса назар аударылып келеді. «Үлкеннің мыңына бергенше, баланың біріне бер» демекші, карантин уақытына дейін мектеп қабырғасында жүрген оқушылар бір мезгіл ыстық тамақ ішіп келген болатын.

Жақында Қарқаралы ауданында ерекше қамқорлық пен қолдауды қажет ететін отбасылардың оқушы балаларына мектеп формасы және оқу жабдықтары салынған сөмке үлестірілді. Алдымен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардың балалары, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар аталмыш көмекке қол жеткізді.

– Осындай санаттағы 655 баланы қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен 16 млн. 350 мың теңге қаражат бөлінген. Мектеп формасының сапасы мен берілген оқу құралжабдықтарына ата-аналар дән риза, – дейді әлеуметтік көмекті тарату жұмыстарын үйлестіріп отырған Қарқаралы аудандық білім бөлімінің әдіскері Әлия Төлеуханова.

Сағыныш ӘБІЛ.

Басқа материалдар

Back to top button