Ресми

Облыс әкімі Қарағандыны жарықтандыру мәселесін шешуге уәде берді

Кеншілер шаһарын жарықтандыруға жергілікті өндірушілер тартылмақ. Бұл туралы Қарағанды өңірінің басшысы Жеңіс Қасымбек Saryarqa арнасының тікелей эфирінде телекөрермендердің сұрағына жауап бере отырып хабарлады.

Бүгінгі күні облыс орталығындағы көшелердің 75% жарықтандырылмаған. Бұл мәселені шешу үшін инвесторлар мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидаты бойынша тартылмақ. Олар инженерлік коммуникацияларды, жарықтандыру тіректерін және шамдарды өздері қаржыландырады.

– Бүгінде мұндай компаниялар Қарағандыда, Нұр-Сұлтанда және басқа қалаларда бар. Олар барлығына өз ақшаларын жұмсайды. Содан кейін сол желілермен 6-7 жыл бойы пайдаланылады. Сондықтан сапалы құрылыс болады. Содан кейін әкімдік тең үлестермен осы мерзім ішінде барлығын сатып алып, коммуналдық меншікке береді. Мұндай тәжірибе бүкіл әлемде жұмыс істейді. 2021 жылы осындай бағдарлама аясында көшелердің жартысын жарықтандыруға тырысамыз, – деп түсіндірді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, Жеңіс Қасымбек келесі жылға арналған мемлекеттік сатып алулардағы қазақстандық қамту үлесі туралы сұраққа жауап берді. 2020 жылы Қарағанды облысы өнеркәсіптің бірнеше саласында жергілікті қамту үлесін ұлғайтты. Атап айтқанда, құрылыс, тамақ және жеңіл, сондай-ақ жиһаз өндірісінде.

Жыл бойы жергілікті жүйе құраушы компаниялармен қазақстандық және Қарағанды өнімдерін ілгерілету мәселелері бойынша 22 кеңес өткізілді.

Жеңіс Қасымбек металлургиялық комбинатты мысалға келтірді.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ сатып алуларында өңдеу өнеркәсібінің дайын өнімінің үлесін 4,5 есеге арттыруға қол жеткізілді. Жыл басында 5 млрд теңге болды, 11 айдың қорытындысы бойынша ол көрсеткіш 24,5 млрд теңгеге жетті.

– Бұл айтарлықтай өсім. «Қазақмыс» бойынша да өсім шамамен екі есеге артты. «Баға – сапа» параметрі бойынша біздің өнім өтеді, ол туралы бізде тиісті сертификат бар. Қала құраушы кәсіпорындар сатып алатын қазақстандық өнімнің көлемі келесі жылы да артады, – деп хабарлады облыс әкімі.

Басқа материалдар

Back to top button