Бас тақырыпКоронавирус
Елімізде коронавирусқа шалдыққан 2 адам кеселден айықты
Елімізде коронавирус жұқтырған екі адамның қауіпті кеселден айыққаны белгілі болды. Бұл туралы «Хабар 24» арнасының тікелей эфирінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады.

- Екі азаматтың жазылғаны анықталды. Олар ертең ауруханадан шығарылады. Қазір соңғы сараптамадан өтуде. Бұл — біздің коронавируспен күрестегі жеңісіміз. Басты дүние осы деп айтуға болады. Ең алдымен бұл — дәрігерлердің жанкешті еңбегінің жемісі. Сондықтан Үкіметтің және барша қазақстандықтардың атынан медицина қызметкерлері мен Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлеріне алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Кез келген маман үшін ең бастысы — өз еңбегінің нәтижесін көру. Сол нәтиже үміт пен қуат береді, — деді министр.



