Ресми

Сайлау күні екі дүкенде тегін нан таратылды

Сайлау үдерісі өтіп жатқанда Жаңаарқаның екі дүкені – «Әлия» супермаркеті мен «Әлия» шағын маркетінде аудан тұрғындарына нан өнімі тегін таратылды.

Саяси науқан аясындағы қайырымдылық акциясы бұқара тарапынан көңілге қонымды шара ретінде қабылданғанын айта кеткен жөн.

Дәл осытектес акция бұған дейін де бірнеше мәрте жүргізілген болатын.

Өз тілшімізден.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button