Спорт
Әлемдік аренадан қос күміс
Венгрияда спорттық гимнастикадан әлем кубогінің финалдық кезеңі өтті. Дода қорытындысы бойынша, 21 жастағы қазақстандық спортшы Милад КАРИМИ бірден екі күміс медаль жеңіп алды.
Жас спортшы аталмыш спорттың төрт бағыты бойынша финалға шығып, екеуінде жүлделі болды. Қоссырықтағы және кермедегі жаттығу түрінен өткізілген додада қос бірдей күмісті қанжығалады. Ол бір күн бұрын өткен еркін жаттығу сайысында – VII, қол тіреп секіруден – VI орынға табан тіреген.
Бұған дейін спортшы ұлттық команда сапында алтын иеленген еді.
Өз тілшімізден.