Қашықтықтан оқу қалай жүруде?
Ұстаздар қауымы үшін қашықтан оқыту күтпеген жағдай болды. Бірақ, мұғалімдер бұл қиындықты да жеңіп шықты.
Тек оқушылар мен ұстаздар ғана емес, сонымен қатар ата-аналар үшін де жаңа форматтағы онлайн оқу әдісі алғашында көңілге үрей ұялатқаны рас. Бірақ, ұстаздар бұл қиындықты ата-аналармен кері байланысқа шығып, оқу жүйесін күнделікті түсіндіріп отыру арқылы жеңіп шықты.
Жалпы, оқушылар қашықтан оқуға тез үйреніп кетті. Оны өз тәжірибемде байқадым. Күнде оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында сәлемдесіп, жағдайларын сұрап отырамын.
Әрине, басында айтылған жұмыстарды атқаруда біраз қиындықтар болды. Олардың бәрі артта қалды. Барлық оқушылардың ата-аналарына, ұстаздар қауымына «Біз біргеміз! Біз бәрін де жеңеміз!» дегім келеді.
Ардақ ХАСЕНОВА,
Көкпекті мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
БҰҚАР ЖЫРАУ ауданы.