Жаңалықтар

Қауіпті өңірлер бақылауда

Облыста көктемгі су тасқынына дайындық тұрақты бақылауда. Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлері Абай және Бұқар жырау аудандарындағы бөгеттер мен қорғаныс дуалдарының жағдайын әуеден қарап шықты.

Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, сапар барысында су басу қаупі аса жоғары тоғыз елді мекен қамтылды. Самарқанд, Шерубай-Нұра және Ынтымақ су қоймалары, Нұра және ШерубайНұра өзендері арналарының жайкүйі зерделенді. Топар өзенін қалпына келтіру және Топар бөгетін жаңғырту жұмыстарының барысы қаралды.

Бүгінде облыстағы 27 елді мекеннің аумағында 9,155 шақырым бөгет салынып, 8,775 шақырым үйінді нығайтылды. Сондай-ақ, өзен арналарының су тасқыны қаупі бар учаскелерін тазалау, су бұру арналарын салу және жөндеу, дренаждық және су өткізу жүйелерін тазарту шаралары жүргізілуде.

Өз тілшімізден.

 

Басқа материалдар

Back to top button