Ресми

Мыс шаһарының мүмкіндігі артады 

Кеше облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жұмыс сапарымен Балқаш қаласына келіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысты. Мемлекеттік бағдарламалар аясында жүргізіліп жатқан құрылыс барысымен танысып, бірқатар нысандарын аралады. Белгілі болғандай, қала тіршілігі біраз өзгерістерге жол ашқан. Сапар барысында халықпен кездесу өткізген облыс әкімі Балқаш қаласы әкімі Қайрат Камзиннің есебін тыңдап, тұрғындарды сұрақтары бойынша жеке қабылдады.

ЖАҢА НЫСАН – ЖАС СПОРТШЫЛАРҒА МҮМКІНДІК

Алдымен Балқаштың Қоңырат мөлтек ауданындағы заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу рәсіміне қатысқан Ермағанбет Бөлекпаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес өңірлерде осындай кешендердің салынып жатқандығын атап өтті. Спортпен айналысқысы келетін адамдарға толық жағдай жасау керектігін айтып, жас ұрпақтың дені сау, рухы биік болып өсуіне спорттық нысанның ықпалы зор екеніне тоқталды.

– Осы кешенде спортпен айналысатын жастар биіктерден көрінетініне, республикалық және халықаралық жарыстарда біздің облысымыздың намысын қорғап, абыройын асқақтататынына сенімдімін, – деп өңір басшысы балқаштықтарды спорт кешенінің ашылуымен құттықтады.

Екі қабатты ғимаратта ойын корты мен күрес және жаттығу залдары, ерлер мен әйелдер үшін жуынатын және киім ауыстыратын бөлмелері бар. Кешенде баскетбол, футбол, волейбол, бокс, кикбоксинг, дзюдо, еркін күрес және басқа да секциялар жұмыс істейтін болады. Штатта әзірге жаттықтырушы және медициналық қызметкер лауазымдары қарастырылған. Кешен барлық қажетті жабдықтармен қамтылған. Сергіту орны мен демалыс залы да тұрғындардың көңілінен шығып отыр.

– Осыған дейін дойбы ойынының әуесқойлары секцияға бару үшін Қоңырат шағын ауданынан қалаға баруға мәжбүр болатын. Енді, бізде заманауи спорт кешені ашылды. Бұл өте ыңғайлы. Спортпен айналысу үшін барлық жағдай жасалған, – дейді дойбы бойынша жаттықтырушы Гүлмира Сматаева.

Осындай заманауи спорт кешенінен әлемдік жарыстарда Олимп шыңдарын бағындыратын спортшылар шығатындығына балқаштықтар сенім артты. Өз ризашылықтарын да жеткізді.

– Мұнда үлкен ұлымды алып келдім. Еркін немесе қазақ күресімен айналысатын болады. Кейінірек кіші балаларым да спортпен шұғылданбақшы. Өздері қалаған бағыт бойынша спортпен айналысады, – дейді төрт баланың әкесі Самрат Түскеев.

Сонымен қатар, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде жастар мен еріктілер үшін коворкинг орталығы ұйымдастырылды.

ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНДА – ОРАСАН. МҮМКІНДІКТЕР

Бұдан кейін облыс басшысы Балқаш қаласында ашылатын балаларға арналған жаңа оңалту орталығының жұмысымен танысты. Мұнда облыстың түпкір-түпкірінен келген мүмкіндігі шектеулі балаларға оңалту көмегі көрсетілетін болады. Айта кетейік, қалада қаңтар айында мемлекеттік мамандандырылған орталық іске қосылады. Ол 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді қабылдайды. Жаңа оңалту орталығының жұмысын саралаған Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев орталыққа жете назар аударылатындығын қадап айтты. Оңалту орталығын орналастыру үшін ғимарат табылып, қайта жаңғыртылған.

Инженерлік коммуникациялар толығымен жаңартылған. Баспалдақтарға арнайы пандус орнатылған. Оңалту орталығы директорының міндетін атқарушы Дарын Әубәкіровтің мәлімдеуінше, қызметкерлер толық қамтылып, дәрігерлер мен мұғалімдер жұмысқа қабылданды. Оның ішінде, педиатр, ортопед-травматолог, реабилитолог, психолог, невропатолог, логопед, дефектолог, музыка, дене шынықтыру мұғалімдері және басқа мамандар жұмысқа тартылған. Сондай-ақ, жаттығу терапиясы, физиотерапия, массаж бөлмелері жабдықталған. Монтессори бөлмесі толықтай жабдықталған көрінеді. Ыстық ванна мен тренажерлер, гальванизация және электрофорез, магнитотерапия және тағы басқа да аппараттар орнатылған. Жатын бөлмелерде функционалды кереуеттер қойылған. Пациенттерге күніне бес рет. ыстық тамақ беріледі.

Орталық 50 орынға есептелген. Көрсеткіштер бойынша балалар алты айға дейін осында ем ала алады. Оңалту кешенінде медициналық, әлеуметтік және педагогикалық көмек көрсетіледі. Барлық қызметтер тегін жүргізіледі. Қазір aleumet.egov әлеуметтік қызметтер порталы арқылы алғашқы емделушілерді қабылдау жүрі

АШЫҚ ПІКІР АЛАҢЫНДА

Мағауия Хамзин атындағы мәдениет сарайында өткен халықпен кездесуде облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев елдің әрбір өтініші мен ұсынысын мұқият тыңдап, барлық сұраққа жауап берді. Өтініштер хаттамаға енгізіліп, жұмыс жүргізілетінін айтты.

Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізіп, жиын барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерді тыңдайды. Былтыр жергілікті халықтың облыс әкімімен кездесуінде 19 сұрақ пен. ұсыныстар айтылған болатын. Оның 10 сұрағы шешімін тауып, 9 сұрақ бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы. Балқаш қаласының әкімі Қайрат. Амангелдіұлы мәлімдеді.

– Мен жыл соңында өткен кездесуімде Сіздердің жолдаған 24 сұрақтарыңыз аясында шешімдер қабылдап, арнайы жоспар жасап, тиісті тапсырмалар бердім. Өткен жылы жолдар бойынша 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жасадық. Биыл 12 көшенің жолы және 2 тұйық көшенің жолына асфальт төселеді. Атап айтқанда, 10 мың шаршы метр жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды. Былтыр қаладағы аулалар бойынша 8 аула абаттандырылды. Осы жылы 27 ауланы жөндеуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қоса, өткен жылы 3 көпқабатты үйдің сырты жөнделіп, шатырлары ауыстырылды. Ал, биыл 38 тұрғын үйдің сырты мен шатырын жөндеуге бел буып отырмыз, – деді қала әкімі Қайрат Камзин.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан жылу жүйесі мен ауыз су жүйесін тарту, автобустың тарлығы, көл суының тартылуы, экология мен саяжайлардың жағдайы, инфрақұрылым және өзге де мәселелер бойынша сұрақтарын қойды.

Облыс басшысы 10 мың тұрғынның өтініші бойынша Балқаш қаласының Жұмысшылар қонысы мен 64 орамға қатысты жоба қабылданып, экспертиза жасалып жатқандығын сөз етті. Ол үшін 11 миллиард теңге қаржы қарастырылмақ. Ал, Балқаш қаласына жаңа автобустар жүргізу үшін жауапты компаниямен келісімшарт жасалғандығын атады. Алты ай көлемінде балқаштықтарды жаңа автобустар тасымалдайтын болады. Сонымен қатар, Балқашты дамытуға ерекше көңіл бөлінгенін және бұл жұмыстардың әрі қарай жаңа қарқынмен жалғасатынын жеткізді.. Мемлекеттік бағдарламаларды нәтижелі жүзеге асыру және қаланың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша қала әкіміне нақты. тапсырмалар жүктеді. Жиын соңында облыс әкімі жеке адамдарды сұрақтары бойынша қабылдады.

Нұрдос КӘРІМ.

БАЛҚАШ

Суреттерді түсірген Еркебұлан ХАДЫЛБЕК

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button