Облыс әкіміРесми

Қар қиындық тудырмау тиіс

Облыста қысқа дайындық қарқынмен жүріп жатыр. Биыл жолдарды қардан таза ұстау мақсатында жаңа техника сатып алынады. Аталған мәселе облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕКТІҢ төрағалығымен өткен онлайн-кеңесте талқыланды.

– Өткен жылы «Қазақавтожол» бұл міндетті өте нашар орындады. Бірнеше күн бойы қала толық қозғалыссыз қалған жағдайлар болды. Мердігерлер іс жүзінде өз жұмыстарын тиісінше орындамады. Биыл ондай олқылықтар қайталанбауы тиіс, – деді аймақ басшысы.

Алдағы қыста бұл компания аймақтағы 2 300 шақырым жолға қызмет көрсететін болады. Қалған жолдар мердігер ұйымдар арасында бөлінеді.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қарағанды филиалының директоры Серік Айдос көктайғаққа қарсы қоспа қорын дайындай бастағанын хабарлады. Қар жинау техникасын жөндеу жұмыстары аяқталуда.

– Кепілдік міндеттемелер аясында 9 техника сатып алынды. Тағы алтауы қазан айында жеткізіледі. Біздің есебімізше, өткен жылғы жауын-шашын мөлшерін ескергенде, дайындалған қоспалар жолдарды тазарту үшін жеткілікті болуы тиіс, – деді Серік Айдос.

Облыс әкімі дайындыққа барынша мұқият қарауды және барлық мәселелерді алдын ала шешуді тапсырды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button