Жаңалықтар

Біртановқа сот үкімі шықты

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты сот үкімі шықты. Экс-министрге 5 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім Астана сотында жария болды.

“Біртанов Қылмыстық кодекстің 361-бабы, 4-бөлігі, 3-тармағында (“Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану”) көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және бес жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалсын”, – деді судья Ибрагим Әлкенов. 

Санавиация бортын пайдалану кезінде қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану бойынша Елжан Біртанов ақталды.

Сонымен қатар сот шешімімен Е.Біртанов «Құрмет» орденінен айырылды.

 

Басқа материалдар

Back to top button