Жаңалықтар

Электр орталықтарын жаңарту үшін 182 млрд. теңге қажет

Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов жылу электр орталықтарын жаңарту үшін  182 млрд теңге қаражат керек екенін айтты, деп хабарлайды Оrtalyq.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап. 

– Қызыл аймақтағы жылу электр орталықтары үшін келесі күзгі-қысқы кезеңде тәуекелдерді азайту мақсатында негізгі жабдыққа күрделі жөндеу, реконструкциялау, жаңғыртуды жүргізу көлемі айқындалды. Алдын ала деректер бойынша, жоғарыда аталған жұмыстарды орындау үшін 182 млрд теңге көлемінде қаржыландыру қажет. Бұл есеп бенчмаркинг аясында жүргізілді, – деді ведомства басшысы.

Бұған дейін Энергетика министрі еліміздегі электр жылу желілерінің тозығы жеткенін айтқан еді.

Басқа материалдар

Back to top button