7519 адамда коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды
Қазақстанда өткен тәулікте 7519 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 1351
Алматы қаласы – 1558
Шымкент қаласы – 502
Ақмола облысы – 257
Ақтөбе облысы – 365
Алматы облысы – 315
Атырау облысы – 381
Шығыс Қазақстан облысы – 302
Жамбыл облысы – 181
Батыс Қазақстан облысы – 163
Қарағанды облысы – 895
Қостанай облысы – 270
Қызылорда облысы – 198
Маңғыстау облысы – 223
Павлодар облысы – 307
Солтүстік Қазақстан облысы – 141
Түркістан облысы – 110
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 602952.
Дәлелсіз: «Парацетамол, спирт, сарымсақ және шұбат коронавирус жұқтырмауға көмектеседі»
Мессенджерлерде қазақстандықтар COVID-19 жұқтырмаудың жолдары айтылған дыбыстық хабарламамен бөлісуде. Автордың айтуынша, бұл ретте спирт, сарымсақ, парацетамол және шұбат көмектесе алады.
Шын мәнінде, хабарламада аталған әдістердің бірде-біреуінің аурумен күресте тиімділігі дәлелденбеген. Бүгінгі таңда ондай әдіс болып тек вакцинация ғана болып саналады. COVID-19 қарсы вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігі клиникалық және клиникаға дейінгі зерттеулермен дәлелденген. Алкоголь иммундық жүйені әлсіретеді және оны вирустарға осал етеді. Сонымен қатар, алкогольдің SARS-CoV-2 коронавирусын өлтіре алмайтындығы дәлелденген, бұл туралы ДДСҰ ресми сайтында жазылған. Парацетамолды спиртпен бірге қабылдау – қауіпті. Мұның салдарынан ауыр жағдайларда адам комаға түсуі мүмкін. Хабарлама авторы айтқандай, сарымсақ жеу де алдын алудың сенімді әдісі бола алмайды. Пайдалы қасиеттеріне қарамастан, ол Sars-CoV-2 вирусымен күресте тиімсіз.