Жаңалықтар

«Бақытты отбасы» бағдарламасына өзгерістер енгізілді

«Бақытты отбасы» бағдарламасына бірқатар өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырғандар, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, I, II топтағы мүгедектер санаттары бойынша және тұрғын үй кезегінде тұрған қазақстандықтар да қатыса алады. Сонымен қоса, бағдарламада азаматтардың табысына шектеу қойылмайды.

Жаңа қосылған санаттар өз өтініштерін жаңа байқау жарияланған уақытта жолдай алады. Тағы бір жағымды жаңалық – «Бақытты отбасы» бағдарламасында табысқа шектеу қойылмайды. Бұған дейін отбасы мүшелерінің соңғы 6 айдағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен, яғни 115 905 теңгеден аспауы керек деген талап болатын. Мысалы, көпбалалы отбасы отағасының жалақысы белгіленген нормадан 200 теңгеге асып кетсе, бұл отбасы қолжетімді несиеге қол жеткізе алмайтын. Ал жаңа талап бойынша табысқа шектеу қойылмайтын болды. 

Сондай-ақ, «Бақытты отбасы» бағдарламасы қатысушыларды несиенің максималды сомасымен шектемейтін болады. Бұрын әр аймаққа байланысты 10 миллионнан 15 миллион теңгеге дейін шектеу болды. Енді несие сомасы пәтер құнына негізделеді және тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасынан қалыптасады. Бұл сома әр аймақтағы пәтер құнына байланысты есептеледі.

Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ. 

Басқа материалдар

Back to top button