Қарағанды

«Заңсыз келген көліктер заңдастырылсын»

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауы әр сала мамандары үшін толыққанды әрі түсінікті болды деп есептеймін. Жолдауда көлік саласы бойынша нақты тапсырмалар берілді.

 

Президенттің айтуынша, елге автокөлікті заңсыз кіргізетіндердің жолын жабу үшін тиісті шараларды қабылдау керек.

Сонымен қатар, биылғы 1 қыркүйекке дейін кіргізілген осындай автокөліктерге қатысты жағдайды реттеу қажет. Оларды заңдастыру үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын сомада кәдеге жарату және бастапқы тіркеу үшін біржолғы алым алуды ұсынамын. Бұл шаралар іздеуде тұрмаған және кедендік «тазартудан» өткен автомобильдерге қатысты болуы тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Бұл өз кезегінде көп қылмыстың алдын алуға да жәрдемдесер еді. Өйткені, шетелден келген көліктер қазақстандық тіркеу нөмірінсіз келеді. Ол көлік заңды-заңсыз екені де беймәлім. Көбіне көлік аламын деген қарапайым жұртшылық түрлі алаяқтардың алдауына ұрынып қалады. Жолдаудағы бұл ақпарат еліміздің барша көлік тұтынушыларына зор пайдасын тигізбек.

Алексей ЖҮНІСБЕКОВ,

«АВТОМИР» ЖШС орталығының сату бөлімі менеджері.

Басқа материалдар

Back to top button