Жаңалықтар

“Тәуелсіздік алаңы жаңарады”

Балқаш қаласындағы «Тәуелсіздік» алаңына абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Онда субұрқақ және Ағыбай батырдың дулығасы түріндегі күнқағарлары бар орындықтар орналасады. Бұл туралы Балқаш қаласының әкімдігі мәлімдеді.

«Ағыбай батыр ескерткішін, субұрқақты қайта жаңарту және сәулеттік күркелерді авторлық шатырларға ауыстыру басталды. Олар ою-өрнекпен көмкерілген темірден жасалған батыр дулығасы түрінде болады. Сондай-ақ, алаңға перголалар – көлеңкелі шатырлар орнатылады. «Нi-тech» стиліндегі шамдар және жарықтандырылған полимерлі гүлзарлар пайда болады. Қазір электр қуаты өткізілуде және қырлы тастар төселіп жатыр» делінген хабарламада. Айта кетейік, алдағы уақытта алаңның жаңа бөлігінде 50 орындық амфитеатр, сахна, шатыры бар балалар алаңы салынады. Сонымен қатар, алаңда архитектуралық мәрмәр орындықтар мен мәрмәр ұнтақтан жасалған тіреу қабырғалары пайда болады.

Нұрдос КӘРІМ. 

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button