Жаңалықтар

Теміртауда – тегін лагерь

Теміртау қаласының Мәдениет сарайы балаларға таза ауада жазғы тегін лагерь ашып, балдырғандардың шығармашылықпен айналысуына ықпал етіп отыр. Бұл лагерь осымен екінші жыл есігін айқара ашты. Мұнда балалар шеберлік сыныптарына қатысып, оларға шығармашылық және өзге де ойын-сауық шаралары арнайы өткізіледі.

Мәдениет бөлімі мамандарының айтуынша, лагерьге 7 жастан 13 жасқа дейінгі балалар жазыла алады. Төрт тақырыптық маусым бар. Атап айтқанда, шығармашылық, медиа, еріктілік және экология. Бір маусымда 20-дан астам бала. Ұзақтығы – 10 күн екен.

«Шығармашылық маусым басталды. Ол 24 маусымға дейін жалғасады. Еріктілер маусымы 27 маусым мен 8 шілде аралығында өтеді. 11-22 шілде аралығында жас теміртаулықтарды БАҚ пен медиа маусымы күтіп тұр. Соңғы, экологиялық маусым 25 шілдеде басталады. Лагерь жұмысын 6 тамызда аяқтайды.

Балалармен педагог және тәлімгер айналысады. Сонымен қатар, біз “Шаңырақ” еріктілер орталығымен ынтымақтасамыз, – дейді Мәдениет және демалыс бөлімінің мәдени ұйымдастырушысы Виолетта Куклина.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button