Жаңалықтар

Шет ауданында ірі қара мал жаппай қырылуда

Шет ауданында қазірдің өзінде 76 бас сиыр мен бұзау өлген. 150-ден астам ірі қара бақылауда. Фермерлер ірі қараның бірнеше күн ішінде бірдей белгілермен өлгенін айтып отыр.

Жергілікті мал дәрігерлері бұл анаэробты инфекция деп болжауда, өйткені малға екпе жасалмаған. Сондай-ақ мамандар аурудың таралуына даладағы құрғақ ыстық ауа райы ықпал етуі мүмкін деп болжам жасады.

Ветеринарлар дәрі-дәрмек сатып алу процесін тездетуді сұрады. Өңірде вирустық диарея мен жұқпалы ауруларға қарсы вакцинаның 350 мыңнан астам дозасы жетіспейді.

Облыстық ветеринария қызметі Шет ауданы Ақшоқы ауылындағы бірнеше малдың қырылуының себебін анықтап жатыр. Ауылды қоршай карантин бекеті орнатылған.

Басқа материалдар

Back to top button