Жаңалықтар

«Saran» индустриялық аймағы шетелдік компаниялар шоғырланатын мекенге айналмақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы «Saran» индустриялық аймағының инфрақұрылымын шетелдік компаниялардың шоғырлануына ыңғайлап жасауды тапсырды.

– Мемлекеттің міндеті – орта және жоғарғы бөлініс тауарларының өндірісін ұлғайтуға қолайлы жағдайлар жасау. Қарағанды облысында «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы мен «Saran» индустриялық аймағының аумағында келешегі бар бірқатар өнеркәсіп жобасы іске асырылып жатыр, ірі кәсіпорындар іске қосылды. Олар шетелдік компаниялардың шоғырлану алаңы бола алады және солай болуы керек. Тек тиісті жағдай жасалуы қажет», – деді Президент өңір жұртшылығымен кездесу барысында.

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған жұмыстар келер жылы мәресіне жетуі керектігін тапсырды.

«Үкіметке 2023 жылы «Saran» индустриялық аймағының инфрақұрылымын қалыптастыруды аяқтау тапсырылады», – деді Мемлекет басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button