Қарағанды
Қоғамдық көлік аялдамада қанша уақыт тұруы керек?
Қарағандылық қоғамдық көліктер аялдамада қанша уақыт тұруы керек? Дәл осы сұрақты Қарағандыда жол жүру тарифін енгізуге арналған брифингте қала тұрғындары қойды.
Осы сұраққа жауап берген, Қарағанды әкімдігінің коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әлібек Дүйсембеков алдағы сараланған тариф енгізілгеннен кейін жүргізушілерге күндізгі жоспарды орындау үшін жолаушыларды жинау қажеттілігі болмайтынын мәлімдеді.
Сонымен қоса, Қарағандыда жол ақысы қымбаттайтынын еске сала кетейік.
Жансая СӘРСЕНБАЙҰЛЫ.