Ресми

Қазақстан Ұлттық банкі азаматтарға ескерту жасады

Қазақстан Ұлттық Банкі Цифрлық теңге жобасымен алдайтын сайттардың пайда болғанын айтып, қазақстандықтарға жалған сайттардың ақпаратына алданып қалмауды ескертеді, деп хабарлады Ortalyq.kz сайты egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан Ұлттық Банкі мен ҚҰБ Төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығы (ТҚТДО) «Цифрлық теңге жобасына инвестиция» салуға жарнамалайтын алаяқтардың сайттары пайда болғаны туралы ескертеді.

Ресми мәлімдемеде «Цифрлық теңге» жобасы азаматтардан инвестиция тартпайтыны айтылған.

Ол төлемдер мен ақша аударымдары саласында Қазақстанның ұлттық валютасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған.

Айта кетейік, цифрлық теңге қазір әзірлеу және сынақтан өткізу кезеңінен өтіп жатыр. Жоспар бойынша ұлттық цифрлық валютаны енгізуге қатысты түпкілікті шешім осы жылдың соңына дейін қабылданады.

Азаматтардың жеке деректері мен қаражатын қолды қылу үшін алаяқтар Цифрлық теңге жобасы бойынша жалған веб-сайттар мен әлеуметтік желілерде парақшалар ашып жатыр. Ұлттық Банк мұндай интернет-ресурстарға сенбеуге, жеке бастың және байланыс деректері көрсетілген кез келген бланкті толтырмауға шақырады. Егер жеке деректерді жіберіп қойған болсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына хабарласу керек.

Цифрлық теңге жобасы туралы ресми ақпарат көзі мыналар: ТҚТДО – payfintech.kz сайты, Қазақстан Ұлттық Банкі – nationalbank.kz интернет-ресурсы. Басқа сайттардың, соның ішінде «.kz» домендік кеңістігінен тыс тіркелген сайттардың бұл жобаға еш қатысы жоқ. Осыған қатысты басқа да кеңестерді Ұлттық Банктің 1477 Байланыс орталығынан алуға болады.

Орталық банктердің цифрлық валюталарды әзірлеу мәселесі жиі айтыла бастады, сол себепті орталық банктер мен жалпы қоғамның бұл тақырыпқа қызығушылығы артып келе жатыр әрі цифрлық теңгенің бұқаралық ақпарат құралдарында жиі қозғалуынан – мұндай жалған жарнамалар шетелдік орталық банктер жасап жатқан цифрлық валюталарға да қатысты белгілі бір жиілікпен шығып жататынын атап өткіміз келеді. Мысалы, Швеция Орталық банкінің цифрлық валютасы – e-krona, Қытай Халық банкінің – e-CNY және басқа да жобалары алаяқтардың әрекетімен бетпе-бет келген болатын.

Басқа материалдар

Back to top button