Облыс әкіміРесми

Құрметті жерлестер! Қадірлі қариялар!

1 қазанда бүкіл әлемде Қарттар күні аталып өтеді. Бұл мереке осыдан отыз жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының шешімімен бекітілген болатын.

Қарт адамдарға қамқорлық көрсету – мемлекеттің және бүкіл қо­ғамның басым міндеттерінің бірі.

Қазіргі таңда Қарағанды облысында 205 мыңнан астам зейнеткер тұрады.

Биылғы жылғы пандемия кезінде біз қарттарымызға қамқорлықты күшейту қажеттігін тағы бір мәрте көрдік. Бүгінгі таңда көптеген қарттарымыз жалғызбасты, әрі дәрменсіз және тек медициналық көмекке, дәрі-дәрмектерге ғана емес, қа­рапайым тұрмыстық күтімге де мұқтаж. Оларға жәрдемдесу біздің міндетіміз болып табылады.

Бұл мәселеде мемлекетке жас еріктілер үлкен қолдау көрсетеді. Пандемия кезінде жалғызбасты қарттардың ешқайсысы назардан тыс қалған жоқ. Осы сынды жұмыс­тардың біздің қоғам үшін маңызы ерекше, әрі құрметке лайық.

Біздің әрқайсымыз қай жерде жұмыс істейтінімізге, сондай-ақ, қаржылық мүмкіндіктерімізге қарамастан, жанымызда тұратын қарт адамдар үшін пайдалы істерді жасай аламыз. Бұл, ең алдымен, біздің оларға танытқан қамқорлығымыз бен ілтипатымыздың белгісі. Біз барлық қарияларымызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және амандық тілейміз.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,

Қарағанды облысының әкімі.

Серік ӨТЕШОВ,

Қарағанды облыстық

мәслихатының хатшысы.

Басқа материалдар

Back to top button