Жаңалықтар

Білім мен білік ұштасты

Ақтоғай ауданындағы «Факел» сауықтыру лагері базасындағы жазғы мектепте облыстың 60-тан астам жас педагогы оқудан өтті. Үш күндік жас жауынгерлер курсы жұмыс өтілі бес жылдан аспайтын адамдарға арналған.

Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері, әдіскерлер, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер, тәлімгерлер өз дағдыларын жетілдірді. Кандидаттарды іріктеу кезінде олардың кәсіби жетістіктері ескерілді.

– Жазғы мектеп – Балалар жылымен тұспа-тұс келіп тұр. Бұл жоба мақсаты – жас педагогтардың кәсіби қалыптасу проблемаларына назар аудару, олардың өсуіне жағдай жасау, шығармашылық әлеуетін дамыту, педагогтардың кәсіби мәртебесін арттыру, – дейді Қарағанды облысының білім беруді дамыту ОӘО басшысы Бақыткүл Әбдікерова.

Жас мамандар үшін спорттық, танымдық, ойын-сауық және оқу іс-шараларынан, шеберлік сабақтарынан тұратын үш күндік бағдарлама әзірленді.

Оқытудың бірінші күні педагогтар аймақтың жетекші жас мамандарының шеберлік сабақтарына қатысып, заманауи педагогикалық технология мәселелерін қозғап, пікірталас алаңында кездесті. Спорттық ойындар да жарасым тапты.

Екінші күн Қазақстанның 100 киелі орындарының қатарына енген ауданның көрікті жерінің бірі – Әулие ата үңгірін аралаудан басталды. Күннің екінші жартысында шеберлік сабақтары мен командалық ойындар, сондай-ақ, бауырсақ-пати өтті.

Мұғалімдерге арналған жазғы лагерьдің үшінші күні шеберлік сабақтарымен аяқталды.

Оқуға қатысушылар осындай шараларды жыл сайын өткізу жөнінде тілектерін жеткізді.

Жазғы мектеп барысында қазіргі жаңаша білімді цифрлық технологиялармен байланыстырып оқыту керектігіне назар аударылды. Әріптестермен тәжірибе алмастық, белсенді жұмыс жасадық, – дейді Саран қаласы № 17 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сәби Сәулетұлы.

Мұндай форматтағы шара Қарағанды облысында екінші рет ұйымдастырылуда.

Өз тілшімізден. 

Басқа материалдар

Back to top button