Жаңалықтар

Президент Үкіметке ауылдарды дамытуға арналған концепция әзірлеуді тапсырды

Бүгін Тоқаев елден заңсыз шығарылған қаражаттарды қайтару және парламент сайлауы жайлы жарлықтарға қол қояды. Бұл туралы ұлықтау рәсімінде айтты. Сонымен қатар үкіметке ауылдарды дамытуға арналған концепция әзірлеуді тапсырды.

«Келесі маңызды бағыт. Біз әділдікті қалпына келтіріп, елден заңсыз шығарылған барлық активті қайтаруға тиіспіз. Бұл үшін Үкімет заңсыз шығарылған капиталды қайтару үшін қажетті рәсімдерді реттейтін заң жобасын әзірлейді. Сонымен қатар заң жобасы әділетсіз баюға және активтерді заңсыз шығаруға ықпал ететін себептер мен шарттарды жоюға бағытталады.

Қайтарылған барлық қаражат азаматтардың игілігіне жұмсалуға тиіс. Бұл қаржыны жоғары технологиялы өндіріс орындарын ашуға, мектептер мен ауруханалар салуға, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға пайдалану керек. Тиісті Жарлыққа бүгін қол қоямын. Жақын арада ауқатты кәсіпкерлер халықтың игілігі үшін өздерінің әлеуметтік жауапкершілігін жандандырады деп ойлаймын», – деді ол.

t.me/stankznews

Басқа материалдар

Back to top button