Жаңалықтар

Жаңа облыстарда тұрғын үй бағасы 10%-ға қымбаттады

Жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы Ермек Мүсірепов мұны қолдан жасалған қымбатшылық екенін айтты, деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі LIFE09 ақпараттық порталына сілтеме жасап. Жергілікті халықтан сұраныс азайғанда, баға бәз баяғы қалпына келуі мүмкін.

Жаңа құрылған өңірлер ғана емес, жалпы ел аумағында мүлікті сатып алу-сату келісімдері біршама азайған.

Әлемдегі геосаяси ахуал, қымбатшылық, логистикадағы кедергілер, құрылыс материалдарының 90%-ға жуығы шетелден тасымалданады. Қымбатшылыққа бұл да бір себеп.

Риэлторлардың айтуынша, Семей, Жезқазған, Қонаев қалаларында баспана құны 10%-ке өскен. Осылайша, 1 шаршы метрі 250-300 мың теңгеге жетті.

Наурыздан бері ай сайынғы жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату келісімдері 30 мыңға азайды. Халық екінші нарықтағы бір бөлмелі пәтерлерге қызығушылық танытады.

Сарапшы Зульфия Гетманчуктің айтуынша, сұраныстың азаюы үлескерлер дауын қайта өршітуі мүмкін.

Басқа материалдар

Back to top button