Ресми

Құрметті ұстаздар, ағарту саласының ардагерлері!

Қай кезеңде болмасын тәлім-тәрбие беру – ең ұлы мұрат. Бұл орайда, оқушы зер­десіне осынау асылды дарытушы, білімнің бағдары, ұрпақтың бағбаны, ол ең алдымен – мұғалім. Ендеше, мұ­ға­лімдер күні – орны бөлек, дәрежесі биік, ең ұлық та ұла­ғатты мереке. Барлық ұстаз­дар қауымын мерейлі мереке­леріңізбен шын жүректен құт­тықтаймын!

Педагогикалық еңбек арда­герлеріне ерекше алғысымды білдіремін. Сіздердің еңбек­те­ріңіздің арқасында Қарағанды облысының білім беру жүйесі бүгінде республика бойынша алдыңғы қатарда.

Құрметті ұстаздар! Айтулы мереке қарсаңында тынымсыз еңбектеріңіз үшін Сіз­дерге жүрекжарды ризашы­лығымды білдіремін. Өскелең ұрпақты оқытуда және тәр­биелеуде мықты денсаулық, шығармашылық шабыт, күш-қуат тілеймін. Еңбекте жаңа жетістіктерге жете беріңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Гүлсім ҚОЖАХМЕТОВА,

Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button