Құрметті ұстаздар, ағарту саласының ардагерлері!
Қай кезеңде болмасын тәлім-тәрбие беру – ең ұлы мұрат. Бұл орайда, оқушы зердесіне осынау асылды дарытушы, білімнің бағдары, ұрпақтың бағбаны, ол ең алдымен – мұғалім. Ендеше, мұғалімдер күні – орны бөлек, дәрежесі биік, ең ұлық та ұлағатты мереке. Барлық ұстаздар қауымын мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Педагогикалық еңбек ардагерлеріне ерекше алғысымды білдіремін. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында Қарағанды облысының білім беру жүйесі бүгінде республика бойынша алдыңғы қатарда.
Құрметті ұстаздар! Айтулы мереке қарсаңында тынымсыз еңбектеріңіз үшін Сіздерге жүрекжарды ризашылығымды білдіремін. Өскелең ұрпақты оқытуда және тәрбиелеуде мықты денсаулық, шығармашылық шабыт, күш-қуат тілеймін. Еңбекте жаңа жетістіктерге жете беріңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Гүлсім ҚОЖАХМЕТОВА,
Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы.