Жаңалықтар

Қарағандыда кәсіпкерлер жаңа бағдарлама бойынша микрокредит ала бастады

Бір ай бұрын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен Альфа-Банк арасында «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын несиелендірудің бірінші желісіне портфельдік субсидиялар мен кепілдіктер туралы келісім жасалды. Бүгінде кәсіпкерлер қаржылай көмекті ала бастады.

Альфа-Банк жаңа бағдарлама бойынша 10 шағын несие берді. Несие мөлшерлемесі жылдық 17,5%-ды құрады, оның 11,5%-ын «Даму» қоры субсидиялайды, қалған 6%-ын қарыз алушы төлейді. Кепіл ретінде тек «Даму» қорының несие сомасының 85%-ы мөлшеріндегі кепілдігі ұсынылды.

Микро және шағын бизнес субъектілері бағдарламаның қатысушылары бола алады. Салалық шектеулер жоқ. Бағдарлама бойынша несие сомасы айналым қаражатын толықтыруға 5 миллион теңгеден және инвестициялық мақсаттарға 20 миллион теңгеден аспайды. Несиенің максималды мерзімі сәйкесінше 2 және 3 жылды құрайды.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қарағанды ​​облысы бойынша филиалы.

Басқа материалдар

Back to top button