Ресми

Егде жастағы сайлаушыларға Алғыс хат тапсырылды

Ұлытау ауданының сайлау учаскелеріне дауыс беру ашылған сәтке дейін келген егде жастағы сайлаушыларға учаскелік комиссиялар төрағаларының Алғыс хаттары тапсырылды. Мәселен, №723 учаскелік сайлау комиссиясында осындай құрметке еңбек ардагері – Баймырза Әбдіғалиев ие болды.

Аталған сайлау комиссиясының төрағасы Серік Баймағанбетов учаскенің ашылу сәтіндегі салтанатты рәсімде мемлекеттік гимн шырқалғаннан кейін бұл сайлаудың мәні мен маңызы туралы айта келіп, ақылман жасына жеткен аға буынның қоғамдық ұстанымы көңілге қуаныш ұялататынын атап өтті. Белсенділігімен ерекшеленгендерге Алғыс хат тапсырды.

Сайлау учаскесін ашуға арналған жиынға аудан әкімінің міндетін атқарушы Мақсұт Оспанов қатысып, алғашқылардың қатарында дауыс берді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button