Мысықтың денсаулыққа пайдасын білесіз бе?
Шындығында, мысықты жақсы көретін адамдар сирек. Оны көбіне ауылдық жерде тұратындар асырайды. Ал, оның адам денсаулығына тигізер пайдасы өте зор екен.
Дерекке сүйенсек, мысық үйдегі жағымсыз энергиямен күресіп, атмосферасын тазартады. Қара түсті мысық өзге мысықтарға қарағанда адам бойындағы жағымсыз энергияны өзіне көбірек сіңіріп алады. Ал, ақ түсті мысық адамның жүйке жүйесіне оң әсерін тигізеді.
Мысық қай жеріңізге шығып жайғасса, сол жердің сыр бергені. Егер, беліңізді айналсоқтаса, бүйрегіңіз ауырады, басыңызға жатса, ол гипертония немесе бас ауруының белгісі. Ал, сол жақ жауырынға немесе иыққа жатса, онда жүрегіңіздің жұмысы нашарлай бастаған. Мысық адамның өзіне деген мейірімін сезсе ғана, емдеуге кіріседі. Ол үшін оны жақсы көріп, сипау керек. Алайда, мысықты емдеуге күштеп көндіру мүмкін емес. Үйінде үнемі мысық ұстағандар оны асырамайтындардан 10 жыл артық өмір сүретіні дәлелденіпті.
Маржан терген Жәлел ШАЛҚАР.