Ресми

Ардақты ардагер ұстаздар және мұғалімдер!

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағытбағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Тамыз кеңесінде ұстаз әрқашан ілім мен ізгілікті алға қоятын тұлға екендігін атап өтті.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мәртебелі мамандық иелеріне деген ықыласы ерекше, оның бір сөзінде: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан, ұстазға жүктелетін міндет ауыр» дегенін баршамыз жақсы білеміз.

Мұғалім мектептің жүрегі, шәкірттің шырағын жағушы жалын иесі. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, ұстаздық мәртебелі мамандық десек жалған айтпаған боламыз. Себебі хан да, қарапайым адам да мұғалім мектебінен өтіп, өмірге жолдама алады.

Баршаңызды төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сырттай қарапайым болғанымен, тарихтағы ұлы істі атқарып жүрген жұмыстарыңызға абырой тілейміз!

Біліммен баулып, биікке ұшыратын оқушыларыңыздың оқуда озат, өмірде патриот болуына тілектеспіз! Мәртебелеріңіз асқақтап, абыройларыңыз арта берсін!

Отбасыларыңызға есендік, толағай табыс, зор денсаулық тілейміз! Еліміздің ертеңі нұрлы, аспаны ашық болсын!

Е.Бөлекпаев,

Қарағанды қаласының әкімі.

Қ.Бексұлтанов,

Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы.

Басқа материалдар

Back to top button