КоронавирусРесми

Карантиндік шектеулерді күшейту жағдайында екінші деңгейлі банктер қалай жұмыс істейді?

Ұлттық Банктің Қарағанды филиалы мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 5 шілдеден бастап карантиндік шараларды күшейту туралы шешіміне байланысты экономика субъектілері мен өңір халқын жабдықтау мақсатында екінші деңгейдегі банктер жеткілікті мөлшерде қолма-қол ақшамен қамтамасыз етілгендігін хабарлайды. Облыстың барлық банкоматтары қолма-қол ақшамен уақытылы толықтырылған, бұл олардың үздіксіз жұмыс істеуіне кепілдік береді. 

Екінші деңгейдегі банктер карантин режимі жағдайында клиенттердің операцияларын өңдеуді және терминалдардың, интернет-банкингтердің, мобильді банкингтердің және клиенттердің банк шоттарын қашықтықтан басқарудың басқа жүйелерінің, инкассаторлық қызметтердің, төлем карталарын жеткізу қызметтерінің және басқа қызметтердің үздіксіз жұмыс істеуін жүзеге асыратын қызметтердің жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етті.   

Екінші деңгейлі банк сервистерінің жұмысы карантин тәртібінде клиенттерге қызмет көрсетуге дайын. Банктер барлық негізгі сервистерінің үздіксіз жұмыс істеуіне кепілдік береді: есептеу және алу, жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыларды карталарға жолдау, оларды банкоматтар арқылы шешуді жүзеге асыру, төлем және аударым операцияларын ұсыну және банктік қызметтер.

Басқа материалдар

Back to top button