Жаңалықтар

Жер кадастрынан ақпаратты онлайн түрде алуға болады

Қазақстандықтар ЖСН/БСН тіркелген жер учаскелері туралы мәліметтерді электрондық үкімет порталынан ала алады.

Қызметті алу үшін пайдаланушыға “Жылжымайтын мүлік” бөлімінде “мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру” қызметін таңдап, eGov.kz порталында авторланып,  “Қызметке онлайн тапсырыс беру” батырмасын басыңыз. Содан кейін ЖСН/БСН және “Жердің болуына сұрау салу жіберу” батырмасы бейнеленеді. Тіркелген жерлер болмаған жағдайда бірден мәртебе және “анықтама алу” батырмасы пайда болады.

– Бұрын бұл мәліметтерді алу үшін ХҚКО арқылы өтініш беріп, 3 күн күту керек болатын. Енді жер кадастрынан мәліметті үйден алу мүмкіндігі пайда болды және жердің жоқтығы туралы мәртебені дереу алуға болады. Жер иелеріне барлық тіркелген жер телімдері бойынша анықтама түрінде 15 минут ішінде толық ақпарат беріледі, – деп атап өтті “ҰАТ” АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Нәтижесінде пайдаланушы МЖК ААЖ-да тіркелген мекен-жайы, алаңы және нысаналы мақсаты туралы ақпараты бар, кейіннен анықтаманы жеке кабинетке жіберу үшін бір мезгілде 10 жер теліміне дейін таңдау мүмкіндігімен қолда бар жерлердің тізімін алады.

Бұл қызмет жеке және заңды тұлғаларға қолжетімді.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ.

Басқа материалдар

Back to top button