«Ortalyq-та» жаңа жоба
«Орталық Қазақстан» газетінің арнайы қосымшасы «Шамшырақты» облыстың 20 000-ға жуық ұстаздарының сұранысына орай, уақыт талабына сай тың болмыста жаңғыртудың сәті түсті.
Көріп отырғандарыңыздай, жаңа мазмұнда жарық көріп отырған «Шамшырақтан» замана үрдісінен бастау алатын ғылым мен білім саласындағы тың жаңалықтарды, қоғамның дамуы мен елдің ертеңгі келбетіне қатысты мәселелерге үн қосуға пейілді педагогтердің пікірлерімен таныса аласыздар.
Биылғы жоспар – жас буынның қалыптасуына мұрындық болып, ел іргетасын қалайтын өрендерді оқытып жүрген мұғалімдермен үндес ырғақта болу. Бұл ретте ғылымда толымды табысқа жеткен педагогика саласының қызметкерлері ашқан жаңалықтар, сапалы сабақтар, мерейлі марапаттар, тың жобалар жайында жарияланымдар ұсынбақшымыз.
Арнайы қосымша айына бір рет жарық көреді. Ұстаздарды ой бөлісуге, қосымшаның қонағы һәм авторы болуға шақырамыз.
РЕДАКЦИЯДАН.