Жаңалықтар

Алғашқы 12 адам дауыс берді

Әлихан Бөкейхан ауданы Восток-3 мекен жайына тіркелген тұрғындар № 8 жалпы білім беретін мектептегі №164 және 165-ші екі сайлау учаскесінде дауыс береді.

165 сайлау учаскесінде 15 бақылаушы, 6 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері бар. 165 учаскесі мемлекеттік әнұранмен ашылды. Осыдан соң сол Восток-3 тұрғылықты мекен-жайы бойынша дауыс беруге келген 12 адам дауыс берді. Жалпы 165-ші сайлау учаскесі бойынша 1909 адам тіркелген. Оның 12-сі дауыс беріп үлгерді.

Жансая АМАНТАЙ

Басқа материалдар

Back to top button