ЖаңалықтарҚарағанды

Қарағанды өңірінің күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі аяқталуға жақын

Қарағанды облысында барлық өңірдің ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы аяқталып қалды.

Сурет интернеттен алынды

Финалдық жәрмеңке 2022 жылдың 12 қарашасында Қарағанды қаласында “Global city” сауда үйі аумағында өткізіледі. Облыстың 7 ауданының, сондай-ақ Қарағанды, Теміртау, Шахтинск қалаларының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынады.

Барлығы 384 тонна өнім, оның ішінде: 59 тонна ет, 220 тонна картоп, 50 тонна көкөніс, 17,0 тонна сүт өнімі, 7 тонна балық және балық өнімі, 150 мың дана тауық жұмыртқасы және 30,0 тонна өзге де өнім сату жоспарлануда.

Қала тұрғындары мен қонақтарын нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен өнім сатып алуға және қысқы азық-түлік жинауға асығыңыз.

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button