Жаңалықтар

Елдос Сметов әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Ташкент қаласында дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында ел намысын қорғаған Елдос Сметов қола жүлдеге қол жеткізді.

Бұған дейін спорттық жолында басқа атақтарын айтпағанда, екі дүркін олимпиада жүлдегері, әлем чемпионы атанған Елдос 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде өзбекстандық Дильшодбек Баратовпен татамиге шықты.

Тартысты белдесуде қосымша уақытта әдіс қолданып, вазари ұпайын алған Елдос жеңіске жетті.

Осылайша, жарыстың алғашқы күні Елдос Сметов Қазақстан қоржынына екінші медальді салды.

Басқа материалдар

Back to top button