Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді. Қарағанды жұртшылығымен кездесуде Сарыарқаның дәл жүрегінде орналасқан аймақтың рухани қазынасы орасан зор екенін атап өтті.

«Қарағанды табиғи байлығымен ғана қазыналы деп аталмағаны анық. Сарыарқаның дәл жүрегінде орналасқан аймақтың рухани қазынасы да орасан зор.

Талай тарихи оқиғаның куәсі болған шежірелі аймақтан қазақтың көптеген біртуар тұлғалары шыққан. Қарағанды өңірі – Әлихан Бөкейхан, Жақып Ақбаев, Әлімхан Ермеков сияқты Алаш арыстары дүниеге келген қасиетті жер», – деді Президент.

Басқа материалдар

Back to top button