Бас тақырыпСпорт

7 желтоқсанда Жәнібек Әлімханұлы үш чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізеді

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдарының чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBA титулының иегері кубалық Эрисланди Лараға қарсы жұдырықтасады. 

Сурет “Қазақстан” телеарнасынан

Әлімханұлы-Лара жекпе-жегі 7 желтоқсанда таңғы сағат 6.00-де АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында өтеді және Айзек Крус пен кіші Ламонт Роуч кездесетін бокс кешінің негізгі жекпе-жегінің бірі болады.

Бұл жекпе-жекте қарсыластар үш белбеуді сарапқа салады. Тарихи жекпе-жекті «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады. 

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button