7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні. Бұл атаулы күн Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылған күнінде аталып өтіледі. 1948 жылы құрылғаннан бері әлемнің екі жүзге жуық мемлекеті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше болып отыр. Денсаулық күнін жыл сайын өткізу 1950 жылдан бастап дәстүрге айналды. Бұл күн адамдардың өз өмірлерінде денсаулықтың мәні қаншалықты зор екенін түсініп, бүкіл әлемде адамдар денсаулығын жақсарта түсу мақсатында тиісті шешім қабылдаулары үшін өткізіледі.

Елімізде соңғы жылдары денсаулық сақтау саласына зор көңіл бөлініп келеді. Әлеуметтік қамсыздандыру, медициналық қызметтердің қолжетімділігі, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бағытында бірнеше бағдарламалар жүзеге асырылуда. Ел тұрғындарының денсаулығын қорғау үшін профилактикалық шараларға баса назар аударылып, медициналық білім беру мен ғылыми зерттеулердің қарқынды дамуы қамтамасыз етілуде.
Бұл күн халыққа денсаулық сақтау саласының маңыздығын түсіндіріп, медициналық қызметкерлердің еңбегін бағалау мен олардың кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізіледі. Сонымен қатар, бұл күн медициналық тексерулер мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын еске салады.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА