Ресми

7 айда 2 мыңнан астам кәсіпкерге қаржылық қолдау көрсетілді

Басқарма басшысының айтуынша бизнесті мемлекеттік қолдау жалғасуда. Кәсіпкерлік белсенділікті қалпына келтіру үшін бизнеске қаржылық және қаржылық емес қолдау көрсетілуде.

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша осы айда 1,7 млрд. теңге қосымша қаражат түседі. Қаржыландыру жалпы 8,7 млрд. теңгені құрайды, бұл 2020 жылдан 3 есе артық.

Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша «Бастау Бизнес» жобасының түлектері үшін ШОБ-қа жеңілдетілген шағын несие беруді жалғастыруға қосымша 1,8 млрд.теңге бөлінді. Шағын несие тамыз айынан басталады, бұл қаражатқа 500-ден астам шағын несие беру жоспарлануда. Ауыл кәсіпкерлері үшін несиенің ең жоғарғы сомасы 7,3 млн.теңгені, қалалық кәсіпкерлер үшін-23,4 млн. теңгені құрайды.

Бұдан басқа, тамыз айында жастар кәсіпкерлігін дамытуға әрқайсысы 1 млн.теңгеден (100 млн. теңгеге) облыс әкімінің 100 грантын беруге өтінімдер қабылдау басталады.

Облыстың барлық өңірлерінде жас кәсіпкерлерге гранттар беру жалғасуда. Бүгінгі күні Бұқар Жырау ауданында – 15 млн.теңгеге 18 грант, Қарқаралы ауданында – 8 млн. теңгеге 13 грант, Жаңаарқа ауданында – 6 млн. теңгеге 12 грант, Саран қаласында2 млн. теңгеге 20 грант (1 кезең) берілді. Бұл мақсаттарға барлығы 150 млн. теңге қарастырылған.

Еңбек бағдарламасы бойынша гранттар бөлу жалғасуда. Қазірдің өзінде әрқайсысы 200 АЕК 685 грант берілді. Жыл соңына дейін тағы 290 грант беріледі.

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша гранттарды ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында бастауды жоспарлап отырмыз.

Экономиканың зардап шеккен секторлары үшін жылдық 6%-бен түпкілікті мөлшерлемемен жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы жалғасуда. Биыл 9 млрд. теңге несие сомасына 31 жоба қаржылық қолдау алды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1 шілдеге дейін мемлекеттік және квазимемлекеттік меншікке жататын объектілер бойынша бизнесті жалдау ақысынан босату мерзімі ұзартылды. Барлығы 145,6 млн. теңге сомаға 608 шарт тоқтатылды.

Ағымдағы жылдың 7 айында 2 мыңнан астам кәсіпкерге қаржылық қолдау көрсетілді. Бастау Бизнес бойынша 1247 адам оқытылды, – деді облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Татьяна Абылаева.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button