Ресми

Қамбар Ахмет “Егемен Қазақстан” РГ» ЖШС Бас директорының орынбасары лауазымына тағайындалды

Белгілі медиаменеджер Қамбар АХМЕТОВ “Егемен Қазақстан” республикалық газеті” ЖШС Бас директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Қамбар Жұмағалиұлы Ахметов 1978 жылы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде білім алып, еңбек жолын «Орталық Қазақстан» газетінде 2004 жылы тілші болып бастаған. Әр жылдары аймақтық «Балқантау», республикалық «Айқын» газеттерінде, «Baq.kz ақпарат агенттігінің, «Қазақстан» республикалық телерадиокомпаниясының интернет жобалар бөлімінің бас редакторы болды.

2015 жылдың қыркүйек айынан «Нұр Отан» партиясына қарасты «Электрондық партия» медиаредакциясы интернет-ресурсының басшысы. 2016 – 2018 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесшісі, 2018 жылы «Egemen Qazaqstan» газеті бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарды.

2019 жылдың қаңтар айында Қарағанды облыстық “Ortalyq Qazaqstan” газетінің Бас редакторы лауазымына тағайындалды. Ал, 2020 жылдан осы уақытқа дейін құрамына “Ortalyq Qazaqstan”, “Индустриальная Караганда” газеттері, қостілді Life09 ақпараттық порталы, талдау және сараптау орталығы енген “Saryarqa aqparat” медиахолдингіне басшылық етті.

Басқа материалдар

Back to top button