Жаңалықтар

69 мыңнан астам көлік заңдастырылды

2022 жылдың қыркүйегіне дейін елге әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру жүріп жатыр. Өтініштер барлық халыққа қызмет көрсету орталығында және электронды сервис арқылы қабылданады. Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда қаңтардың 23-і мен наурыздың 26-сы аралығында 69 мыңнан астам көлік заңдастырылған. Оның 67%-ы – Ресейден, 19%-ы – Армениядан, шамамен 10%-ы – Қырғызстаннан, 2%-ы – Грузиядан әкелінген.

Сонымен қатар, қосалқы бөлшектер ретінде жаратуға әкелінген автокөліктерді де заңдастыру бағыттарын айқындайтын Үкімет қаулысының жобасы әзірленген. Ол жария талқылаудан өтіп, қазір қорытындылап болғаннан кейін мемлекеттік органдарға түпкілікті келісімге жіберіледі. Одан соң Үкіметке енгізіледі. 

Комитет төрағасының сөзінше, әзірге көліктің автоконструтор түрі бойынша бір де бірі заңдастырылмаған. Жалпы, автоконструкторлар көптен талқыланып келе жатқанымен көліктің ондай түрін заңдастыру мүлде қарастырылмаған. 

Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, халықтың, автокөлік иелерінің қалауына қарай мемлекет те бет бұрып, жоғарыда айтылған қаулы жобасына осындай көлік түрлерін заңдастыру да кіргізілген.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button