Алдағы уақытта “Әлем музыкасы” жобасы қолға алынбақ. Жобаның мақсаты – әлем бойынша көпұлтты оркестр жинау. Мұнда кәсіби музыканттар бәсекеге түспек, әуесқойлар кездейсоқ таңдалмаған. Біздің елімізде 125 ұлттың өкілі бір шаңырақтың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқаны баршаға белгілі. Жыл сайын 1 мамырда республика Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесін атап өтеді. Жобада шекара жоқ, өйткені бұл халықтарды біріктіреді және жақсылықтың жаршысы бола алмақ. “Әлем музыкасы” жобасына қарағандылықтар да қатыса алады.
Бұл ретте қатысушы рекордтық музыкалық ұжымда тек Қазақстан азаматтары ғана бола алмайды. Мұнда азаматтардың белгілі бір аспаптың құлағында ойнауы қажет деген талап қойылмайды, бастысы – музыкаға қабілеті (слух) болса болғаны. Қатысу үшін www.worldrecord.kz. сайтына тіркелу қажет. Сондай-ақ, мына байланыс нөміріне + 7 707 949 19 33 хабарласа алады.
Гиннестің рекордтар кітабының сайтында осыған ұқсас жетістіктер жоқтың қасы. Сайттың мәліметтері бойынша әлемдегі ең үлкен оркестр 8573 музыканттан тұрады екен. Рекордшылардың ішінде сіз ең үлкен оркестрді таба аласыз, сонымен қоса бамбук аспаптарында ойнау, ең көп саны “көкөніс” оркестрінің концерттері, үлкен ішекті аспаптар ансамблі және т.б.
Еске сала кетейік, бұған дейін, 2021 жылы Қазақстанның EXPO-2020 ұлттық павильоны аясында, Дубайда өткен “Әлем суреті” жобасы іске қосылды. Идея авторлары Даут Шайхисламов пен Дана Орманбаева болып, ресми серіктес Rams QAZAQSTAN құрылыс компаниясы қолдау көрсетті.
2022 жылдың ақпан айында көп адамның қатысуымен бір қылқаламды тізбек бойымен өткізген жоба ретінде бұл картина тарихта қалды.
Жобаға қарағандылық суретші Кәріпбек Күйіков қатысты. ЭКСПО-2020 көрмесіне келушілер суретшінің жұмыстарына үлкен қызығушылық білдірді.
Ал енді бізге қарағандылық музыканттардың қайсысы “Әлем музыкасы” жобасының тарихына енетіні қызық. Бәрін де уақыт көрсетеді. Қатысам деушілер қазірдің өзінде тіркеуден өтуіне болады.