Жаңалықтар

Қарағанды облысында жолаушы тасымалы қалай жүзеге асады?

Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 29 наурыздағы «Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларында карантин енгізу туралы» №8 қаулысын орындау шеңберінде, коронавирустық инфекцияның облыс аумағында  таралуының алдын алу мақсатында 2020 жылғы 2 сәуір күнгі 00.00 сағаттан бастап барлық облысаралық және ауданаралық  автобус бағыттары бойынша жолаушылар және жүк тасымалдары уақытша тоқтатылады.

Облыс орталығынан келесі маршруттар бойынша жолаушылар тасымалы жалғасады: 
№121 – «Қарағанды-Шахтинск»;
№146 – «Қарағанды-Абай»;
№165 – «Қарағанды-Саран»;
№122 – «Қарағанды-Топар»;
№127 – «Қарағанды-Шахан».

Карантиндік аумақтан өтпейтін облысішілік маршруттар өз жұмысын бұрынғы режимде жалғастыра береді. Олар: 
№379 – «Жезқазған-Қарсақпай»
№316 – «Жезқазған-Ұлытау»
№380 – «Жезқазған-Сарысу»
№295 – «Жезқазған-Қаражал»
№101 – «Жезқазған-Сәтбаев»
№99 – «Сәтбаев-Жезді»
№287  – «Жәйрем-Қаражал»
№263  – «Балқаш-Нұркен»
№268 – «Балқаш-Нарманбет»
№269 – «Балқаш-Шұбартау»
№273 – «Балқаш-Қызыларай»
№271 – «Балқаш-Приозерск»
№272  – «Балқаш-Жалаңаш»
№274 – «Балқаш-Ақтоғай»

Сонымен қатар, 2 сәуір сағат 00:00-ден бастап “Қарағанды-Қызылорда”, “Қарағанды-Өскемен” және “Қарағанды-Жезқазған” әуе бағыттары мен чартерлік әуе қатынастары тоқтатылады. Бұдан бөлек, “Балқаш-Саяқ” маршрутынан өзге облысішілік №6867 «Құлайғыр-Теміртау», №6868/6869 «Теміртау-Ақадыр», №6952/6951 «Шоқай-Құлайғыр-Қараганды Сұрыптау», №6815 «Қараганды-Шоқай», №6876 «Теміртау-Құлайғыр», №610/609 «Қараганды-Жезқазған», №606/605 «Қараганды-Балқаш», №601/602 «Жарық-Жезқазған» теміржол қатынастары бойынша жолаушы тасымалы толық тоқтатылады.

 

Басқа материалдар

Back to top button