АймақҚарқаралыРесми

Қарқаралылықтар сайлауда белсенділік танытуда

Халық көптен күткен саяси науқанда Қарқаралы ауданының жұртшылығы да белсенділік танытуда. Аудан бойынша 49 сайлау учаскесі, 21934 сайлаушы бар. Олардың 39,6%-ы сағат 12.00 дейін дауыс беріп үлгерді.

18 жасқа толып, сайлауға алғаш рет қатысқалы отырған 469 жас та көппен бірге өз таңдауларын жасамақ. Осы процестің барлығы 31 сенімді өкіл мен 80 бақылаушының қырағы қадағалауында.

Қала басында 6525 сайлаушыдан тұратын 3 сайлау учаскесі жұмыс жасауда. Мәдени-сауық орталығында орналасқан №567-ші Орталық сайлау учаскесі жұмысы Мемлекеттік Әнұранмен ашылып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы қарқынды түрде жүріп жатыр.

6 адамнан үйден дауыс беруге өтініш түскен. Дауыс берушілердің де қарасы мол.  Алғашқылардың бірі болып дауыс берген қаланың қарт тұрғыны Рәзия Боранбаеваға арнайы сыйлық табыс етілді.

Еліміздегі індет жағдайын назарға ала отырып, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталуда.    

Қала басындағы 3 сайлау учаскелеріне келушілердің қатары сиреген жоқ. Ел болашағының жарқын болуына қала тұрғындары бей-жай қарамай, белсенділікпен атсалысып жатқандығы қуантады.

Сағыныш ӘБІЛ.

Қарқаралы ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button