Жаңалықтар

25 отбасыға – пәтер

Кезекте тұрғандар мен «Отбасы банкінің» салымшылары қатарынан 25 отбасы баспаналы болды. Қарағандылықтарға Бауыржан Момышұлы көшесіндегі №26/3 үйден пәтер бұйырды.
Жиын барысында Қазақ Республикасының 100 жылдығы құрметіне және «Алаш» ұстанымдары мен ұлттық құндылықтарды жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін бірқатар аудан азаматтары марапатталды.

Тұрғындардың үйді көп күткені жасырын емес. Аталған үйдің құрылысы 2013 жылы басталып, бірақ, мердігер компания банкрот деп танылған соң құрылыс ұзаққа созылды. Жаңа конкурс жарияланып, басқа құрылыс компаниясы анықталды. Осылайша, биыл 16 қабатты үй аяқталды. Былтыр бірінші блок-секция пайдалануға берілсе, енді екінші кезек тапсырылды.

Лаура Ихсанова тұрғын үй алу кезегінде 2011 жылдан бері тұрған. 2017 жылы ол «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасына қатысуға құжаттар тапсырыпты.

– Әркімнің баспаналы болуын, қолжетімді баспана бойынша мемлекеттік бағдарламалардың уақытында орындалуын тілеймін, – дейді Лаура Ихсанова.
Үйдің ауласында кешенді абаттандыру жұмыстары – балалар ойын алаңдары, тұрақ қалталары, асфальттау, жарықтандыру жоспарланған.

Бүгінгі күні 96 пәтердің тек 25-і ғана қолданысқа берілді. Қалғаны бойынша «Отбасы банкі» желісімен «Халықтың барлық санаттарына арналған тұрғын үй» бағытында құжаттарды қабылдау басталды.

«Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасымен аталмыш мекенжай бойынша пәтер алуға Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар, жасына байланысты зейнеткерлер, жетім балалар және ата-анасынан айырылған, 29 жасқа толмаған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, қандастар, экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар, көпбалалы және толық емес отбасылар, мемлекеттік қызметшілер және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.

Құжаттарды қабылдау мерзімі – 2022 жылғы 27-29 шілде аралығында.

Мекен-жайы: Қарағанды қ., Н. Назарбаев даңғылы, 39, OPEN KARAGANDA фронт-кеңсесі (қалалық әкімдік ғимараты). Жұмыс уақыты: 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс – 13.00-ден 14.30-ға дейін).

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button