Ресми

Педагогтің цифрлық сауаттылығы жоғары болу керек

Педагогтің цифрлық сауаттылығы жоғары болуы керек. Мұны Алматыда өткен Тамыз кеңесінде ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты. 

цифрлы ұстаз
фото: rus.azattyq-ruhy.kz

Оның айтуынша, пандемия кезінде білім саласында цифрлық технология еніп, халық арасында алдағы уақытта мұғалімдер қызметі керек болмай қалады деген пікір қалыптасқан еді.

«Қоғамда мұғалімдердің рөлі зор. Ол солай болып қала береді. Алайда, педагогтердің цифрлық сауаттылығы жоғары болу керек. Алматыда цифрлық технологияларды оқыту мен меңгеруді және цифрлық педагогиканың үздік әдістері тәжірибесін үйрететін «Digital Ustaz Almaty» атты жаңа байқау пайда болды. Мұғалімдер қазіргі коммуникация құралдарын (әлеуметтік желілер, мессенджерлер) қолдана білуі мен дағдысы, цифрлық ортада қарым-қатынас жасау этикасы мен нормаларын білуі керек», – деді Асхат Аймағамбетов.

Басқа материалдар

Back to top button